Accessibility links

Теһранда онмыңдаған адам шеру өткізді


Иранның жеңіліске ұшыраған президенттік кандидаты Мир Хоссейн Мусавидің онмыңдаған қолдаушылары сайлау қортындысына наразылық танытып, 5-ші күн шеру өткізді. Мусавидің өзі вебсайтында сәрсенбіде жариялаған мәлімдемесінде, өзін қолдаушыларды сайлаудан кейінгі шерулерде қаза болғандармен бірауыздылықта болғандарын көрсету үшін бейбіт шеруге жиналуға, немесе бейсенбі күні мешіттерге келіп, жиналыс өткізуге шақырды.
Иран шетелдік журналистердің хабар таратып, видео, суреттер жіберуіне тыйым салды.
Иранның сыртқы істер министрі кейбір ақпарат бұлақтарын көтерілістің хабаршысы болып отыр деп айыптады.
Биліктің сақшылары шерулер туралы хабар берген вебсайттар мен блог порталдары жабылатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG