Accessibility links

Қажымқан Мәсімовтің құрылтайшылығындағы компания кәсіпкерлермен келісе алмауда


Бұқаралық ақпарат құралдары «HAS-ER KZ» ЖШС мен оның құрылтайшысы Қажымқан Мәсімовке негативті көзқарас қалыптастыруда деген компания өкілдері бүгін Алматыда баспасөз маслихатын өткізді.

Олардың пікірінше, соңғы бірнеше айдың ішінде «HAS-ER KZ» ЖШС-сі ондаған үлескерлер мен кәсіпкерлерге ақша қарыз болып, оны қайтарудан бас тартуда» деген ақпарат кең тарап кеткен.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, біз тек 5 кәсіпкерге ғана қарызбыз, олардың өзімен тиісті келісімдер жасалып, материалдық шығындарды өтеп жатырмыз — дейді компания құрылтайшысының бірі Сапаргүл Махамбетова.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, аты аталған кәсіпкерлер өздерінің әлі ешқандай өтемақы алмағандығын алға тартады. Бұдан бөлек кәсіпкерлерді қорғауды қолға алған заңгер Талас Сағымбаев наразы кәсіпкерлердің саны республика бойынша 130 екендігін айтады.

Алайда «HAS-ER KZ» ЖШС өкілдері өздерінің Талас Сағымбаевтың атына Астана сотына арыз –шағым жазғандықтарын мәлімдеп отыр. Олардың айтуынша, заңгер дәлелденбеген ақпарат таратқаны үшін компанияның ар-ожданына нұқсан келтірген екен.
XS
SM
MD
LG