Accessibility links

«Лайықты баспана үшін» қозғалысының депутаттарға үндеуі


«Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысы Қазақстан парламентінің кеңсесіне қос палатаның депутаттарына арнаған үндеулерін тапсырды.

«Экономикалық дағдарыстың салдары мен әкімшілік заңсыздықтар, құқық қорғау органдарының немқұрайлылығы және банктердің өктемдігі Қазақстандағы үйсіздік мәселесінің кең сипат алуына әкеліп отыр. «Нұр Отан» ХДП құрған құрамында парламент депутаттары, Бас прокуратура мен қаржы полициясының өкілдері бар қоғамдық комиссия баспана мәселесін шешу жолында 1,5 ай бойы ешқандай нәтижеге қол жеткізген жоқ», — делінген үндеу мәтінінде.

Азаттықтың Астанадағы тілшісінің хабарлауынша, «Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысы даулы жерлерді заңдастыру, ипотекалық несиелерге мораторий жариялау және борышкерлер мен банк арасындағы баспана дауын парламент каникулына дейін шешіп беруді қос палатаның депутаттарынан талап етуде.
XS
SM
MD
LG