Accessibility links

Болгарияда Косовоның бұрынғы премьер-министрі тұтқындалды


Болгарияда Косовоның бұрынғы премьер-министрі Агим Чеку қамауға алынды. Сербия Чекуды тұтқындауға бұйрық берген болатын. Оған соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылып отыр. Белградтың айтуынша, 1998-1999 жылдары Косово соғысында этникалық албандар сербтерге қарсы қылмыс жасаған. Чеку сондай-ақ этникалық албандардың косоволық азат ету армиясының бұрынғы әскери жетекшісі болған.
XS
SM
MD
LG