Accessibility links

Мусави сайты профессорлар қамалды деп айтуда


Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің вебсайтында, президенттіктен үміткер болған Мусавимен кездескен университет профессорлары қамалғаны айтылып отыр. Интернет парақшасындағы хабарламада, кездесуге қатысқан 70 адам қамалды делінген.
Бұл мәлімет тәуелсіз тұрғыда расталған жоқ әрі билік тарапы бұл ақпарат туралы ештеңе айтпай отыр.
Маусымның 12-де өткен президенттік сайлауда жеңіліске ұшыраған реформашыл Мусавиді қолдаушы жүздеген ирандық қамауға алынды деп хабарланып отыр. Бұл сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жеткені хабарланған. Билік дауыс берулер бұрмалаушылықпен өтті дегенді жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG