Әзірбайжан парламенті депутаттары ол ұйымдарға көптеген тыйымдар салатын заң жобасын қолдамады. Ол жоба бойынша үкіметтік емес ұйымдар елдегі әкімшілік аудандардың үштен бірінде тіркеуде болып, сондай-ақ олардың шетелден көмек алуына тыйым салынар еді. Бұл заң жобасы елдегі 2500-дей үкіметтік емес ұйымдардың жабылуына алып келеді, дейді наразылық танытушылар.