Accessibility links

Амнести Израиль мен Хамасты соғыс қылмыстары үшін айыптады


Amnesty International адам құқын қорғаушы ұйымының айтуынша, Израиль күштері палестинаның жүздеген бейбіт тұрғынын өлтіріп, Газа қаласындағы мыңдаған үйді қиратты.

Мұның бәрі соғыс қылмыстарына жатады деген Амнести ұйымы Израилді халық тұратын аймақта артиллерия, ақ фосфор, басқа да осындай адам өміріне қауіпті қаруларды пайдаланбауға сөз беруге шақырды.

Сонымен қатар Amnesty International Газадағы Хамас жауынгерлерін де Израиль азаматтарына қарсы зымыран атпауға шақырып, бұл да соғыс қылмыстарына жатады деді.

Газа қаласындағы денсаулық сақтау мамандары мен адам құқын қорғаушы топтардың мәліметіне қарағанда, үш апталық қақтығыс кезінде 1400 палестиндік қаза болса, оның 900-ден астамын бейбіт тұрғындар құрады.
XS
SM
MD
LG