Accessibility links

Жапония дипломаты МАГАТЭ басшысы болып сайланды


БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жаңа басшыны сайлауға 35 елдің өкілдері қатысып, Жапония дипломаты Юкия Амано МАГАТЭ-нің жаңа бас директоры етіп таңдалды.

Ол Венада орналасқан халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікте Жапония елшісі болған.

МАГАТЭ-нің үш мерзім қатарынан басшысы болған Мохамед ЕлБарадей қараша айының соңында қызметінен кетеді.

Бұл орын үшін үш кандидат бақсынасты. Жапония елшісі Юкия Аманомен қатар Оңтүстік Африкадан Абдул Самад Минти және Испаниядан Луис Эчаварри дауыс беруге түскен болатын.
XS
SM
MD
LG