Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жаңа туған нәрестесін сатпақ болған бір әйел анықталды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».
Сарыағаш аудандық прокуроры Қанат Мамаевтың айтуынша, Өзбекстаннан Сарыағаш ауданына келген Ресей азаматшасы Өзбекстан азаматы болып табылатын гастарбайтермен азаматтық некеде тұрған, олардың ұлы мен төрт жасар қызы болған. Күйеуі ақша табудың қамымен Ресейге кеткен кезде әйел туыстарымен жанжалдасып, аяғы ауыр екендігіне қарамастан, үйден кетуге мәжбүр болады.
«Таксист болып істейтін бір жергілікті тұрғын әйелімен ақылдаса келе жалғызбасты әйелге көмектесуге ниеттеніп, оның дүниеге әкелетін баласын сату керек деп, өзі танитын дәрігерлерге жүгінеді. Сол дәрігер арқылы бір жергілікті әйелмен келісіп, баланы 2 мың АҚШ долларына сатуға келіседі. Бірақ кейін баланы сатып алушы ҰҚК-не хабар берген», — деді Қ. Мамаев.
Баланы сатпақ болған қылмыстық топтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 133-ші бабы (алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының кәмелеттік жасқа толмаған баланы саудаға салуы) бойынша және жаңа туған нәрестеге жасанды құжаттар дайындаған екі медицина қызметкерінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Сарыағаш АІІБ қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізуде.