Accessibility links

Түркменстан Набукко мүшесімен газ келісімін жасады


Түркменстандық ақпарат құралдары хабарлап жатқандай, Ашхабад Набукко құбыржолы концорциумына Каспийдің табиғи газын зерттеу мен өндіру құқын беретін келісімге қол қойды.

"Нейтральный Туркменистан" газетінің жазуынша, келісім Набукко жобасының мүшесі германиялық компаниямен жасалды.
Бұл жоба Каспий газын Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізетін құбыржолын салуды көздейді.

Осыдан бір апта бұрын Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз елі Набуккоға газ беруге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG