Accessibility links

Ахмадинежадтың вице-президенттікке жақын одақтасын әкелуі қарсылықтар туғызды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың елдің бірінші вице-президенті қызметіне өзінің жақын одақтасы Есфандияр Рашим Машайені тағайындау шешіміне ирандық саясаткерлер қарсылық танытты.

Қатаң саясатты ұстанатын Кайхан газетінің бас сарашысы Хоссейн Шариатмадари өзінің мақаласында, басым халықтың қалауын сыйлаудың орнына Машайені тағайындау бұйрық болды деді.

Консерватив діндар Ахмад Хатами де бұл тағайындауды миға қонымсыз деп атады.

Иранның вице-президенті болып тағайындалған Машайе Ахмадинежадтың құдасы болып келеді. Қызы президенттің ұлына тұрмысқа шыққан Машайе өткен жылы Иран израиль халқының досы деп айтамын деп өткір сынға тап болған.
XS
SM
MD
LG