Accessibility links

Джо Байден Киевке ұшып жетті, алда Тбилиси


Дүйсенбі күні АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украинаға келіп жетті. Өзінің 4 күндік сапарының барысында ол Грузияға да ат басын бұруға тиіс.
Джо Байден Ақ үйдің Кремльмен арадағы қарым-қатынасын жақсартуға ұмтылуы Украинамен және Грузиямен арадағы ынтымақтастығына теріс ықпал етпейтініне ресми Киев пен Тбилисидің көзін жеткізуге тырысады.
Киевте АҚШ-тың вице-президенті өзара бақталасқан саяси күштерді экономикалық және саяси реформаларды жалғастыру үшін өзара уәжге келуге үгіттеп көреді.
Джо Байден Тбилисиге 22 шілде күні барады.
XS
SM
MD
LG