Accessibility links

Бүгін I жалпықазақ съезі өткен күн


Бұдан 92 жыл бұрын, 1917 жылдың 21 –шілдесі күні Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі ашылды. Съездің күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатысы бар 14 мәселе енгізілді.

Бүкілқазақтық І съездің дін, оқу-ағарту және әйел құқығы жөнінде қабылдаған шешімдерінде «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылсын», «Міндетті түрде бастауыш оқу енгізілсін», «Білім алу тегін болсын», «Әйелдер саяси құқықта ерлермен тең болсын», «Жеті атаға толмаған жерден қыз алмасын» деген мәселелер айтылды.

Сондай-ақ осы съезде қазақтың саяси партиясын құру туралы сөз болып, қазақ интеллигенциясының өкілдері «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG