Accessibility links

Сергей Лебедев: Қырғызстандағы президент сайлауы ашық, еркін өтті


ТМД –ның бақылаушы миссиясы Қырғызстанда 23-шілдеде өткен президент сайлауын ашық, еркін өтті деп мойындады, — деп мәлімдеді миссияның басшысы және ТМД –ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетендердің 51% есептелгеннен кейінгі қазіргі президент Құрманбек Бакиевтің жинаған дауысы 87,79% болса, оның басты қарсыласы Алмазбек Атамбаевты сайлаушылардың 7,1% -ы қолдаған, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Президент сайлауы елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сәйкес ашық және еркін, азаматтардың конституциялық құқығын сақтап өткізілді», — делінген миссияның есебінде.
XS
SM
MD
LG