Accessibility links

Мамандар доңыз тұмауына қарсы вакцина биыл күзде табылып қалар деп болжайды


Доңыз тұмауы вирусын тексеруге арналған құтылар. Брисбен корольдік ауруханасы, Австралия, 29 сәуір 2009 жыл.
Доңыз тұмауы вирусын тексеруге арналған құтылар. Брисбен корольдік ауруханасы, Австралия, 29 сәуір 2009 жыл.

Ресми деректерге қарағанда әлемде доңыз тұмауынан бір мыңнан аса адам қайтыс болған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сырқат жұқтырған 177 мың оқиғаны бақылауына алып отыр. Бірақ, бұл цифрлар аталған қатердің шынайы бейнесін танытпайтындай. Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Антуан Блуа голланд вирусологы Альберт Острехаустан сұхбат алған еді.

ТӘУЕКЕЛ АЙМАҒЫ

- Острехаус мырза, доңыз тұмауы, болжамға қарағанда, түрлі вирустардың қосылуы арқылы пайда болып, доңыздың ағзасын жаралайтын вирустың жаңа түрі екені рас па?

- Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.

- Халықтың қандай тобы бұл тұмаумен ауыруға бейім?

- Әдетте тәуекелдің классикалық тобы – қарт адамдар. Бірақ, олар ауруға көп алдыра қоймайды. Өйткені оларда, әсіресе жасы 65 тен асқандарында, қорғаныштық реакция өте мықты. Алайда, ол да қорғаныштың абсолютті түрі болып табылмайды.

Біз доңыз тұмауымен ауыратындардың арасында иммунды жүйесі бұзылғандар көп екендігін байқадық. Немесе астмасы барлар, екіқабат
Доңыз тұмауының вирусынан қорғанып, беттеріне маска байлап алғандар Мехико қаласының көшесінде. 29 сәуір 2009 жыл.
әйелдер және денесін май басқан толық адамдар. Халықтың осы топтары тәуекел тобына кіреді. Ең қызықтысы 5 жастан 35 жастағыларға дейінгілер ауыруға бейім. Бұл жастағылар үлкендерге қарағанда ауруға әлсіздеу болып келеді.

ДОҢЫЗ ТҰМАУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

- Острехаус мырза, ауру жұғып кетуі мүмкін деп доңыздан аулақ жүретін адамдардың күдігі дұрыс па?


- Қазіргі уақытта тұмаудың адамнан адамға жұғуы көбірек мүмкін болып отыр. Бірақ, көпшілігі бұл вирус алдымен доңыз ағзасында пайда болды емес пе деп жатады. Бұл мүмкін солай шығар. Бұл тұмау көптеген доңызға тарады. Бірақ, инфекция доңыздан адамға емес, адамдардың өз арасында тарауда. Мысалы, доңыз еті аурудың себепкері емес. Одан ешқашан доңыз тұмауымен ауыруға болмайды.

- Острехаус мырза, кез-келген адам бұл сырқатпен ауырғанын қалай білуіне болады?

- Оның белгілері кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз.

Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.

ДОҢЫЗ ТҰМАУЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық пандемия жариялады. Бұл барлық елдерге жаңа вакцинаны жаппай сатып алуды ұйымдастыруды талап етеді. Өйткені, кәдімгі тұмаудың вакциналары жаңа тұмаудан қорғай алмайды. Жаңа вакцина қашан пайда болады?


- Фармацевтикалық компаниялар бұл бағытта жұмыс істеуде. Осының алдындағы Авиан немесе H5N1 вирусына қарсы вакцина жасау тәжірибесі жаңа вирусқа қарсы вакцина жасауда пайдаланылады. Сондықтан, бұл вакцина қыркүйек-қазанға қарай даяр болып қалар деген ойдамыз.

Медицина қызметкерлері Сеул әуежайының жолаушылар терминалында вирусты зарарсыздандыру мақсатымен дәрі сеуіп жүр. 3 мамыр 2009 жыл.
- Острехаус мырза, доңыз тұмауын жұқтырмау үшін не істеу керек? Кеселдің өзімен қалай күресуге болады? Ауруды жұқтырған адамдарға қазіргі тұмауға қарсы дәрілер көмектесе ме?


- Егер сіз вирус белсенді түрде тарап жатқан жерде тұрған болсаңыз, онда инфекциядан қашып құтылу қиындау. Әрине, медициналық көмек пайдалы болады.

Біріншіден, доңыз тұмауымен ауырған адамды нақты біліп, одан аулақтау жүру керек. Ал енді ауыра қалған жағдайда вирусқа қарсы Tamiflu немесе Relenza деген дәрілерді ішу керек. Сізде аурудың алғашқы белгілері білінісімен бұл дәрілерді іше бастасаңыз, ауру көп қинамай, тез өтіп кетуі мүмкін. Әрине, доңыз тұмауына қарсы ең басты ем арнайы вакцина болуы әбден мүмкін.

- Острехаус мырза, сұхбатыңыз үшін рахмет.
XS
SM
MD
LG