Accessibility links

Қазақстан мен Оңтүстік Корея біріккен кәсіпорын құрып, мыс өндірумен айналыспақ


Қазақстан мен Оңтүстік Корея Қарағанды облысындағы «Жетімшоқы» кенішінде мыс шығару мен барлау жөнінде біріккен кәсіпорын құрмақ, — деп хабарлайды «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.

«Қатысушылардың үлес бөлісуі кеніштегі барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады», — делінген баспасөз хабарламасында.

«Жетімшоқы» кенішінде мыс қоры 100 мың тоннаны құрайды. Ал бұған бүкіл кезең бойына тартылатын инвестиция 93 миллион долларға тең.

«Сарыарқа» әлуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Жетімшоқы» кенішіндегі мысты барлау жөнінде Korea Resources Corporation (Kores) компаниясының өкілдерімен, ал Қарағандыдағы «Металлургия-Металлообработка» индустриалдық паркінің аумағында мыс өнімдерін өндіру зауытының құрылысын салу үшін Hankook Copper Mining INC компаниясымен келісімге қол қойды.
XS
SM
MD
LG