Accessibility links

Венесуэла мен Колумбия бір-бірін айыптауда


Венесуэла өзінің елшісін Колумбияға қайта жіберді. Венесуэла президенті Уго Чавестің өз елшісін Колумбиядан кейін шақыртып алмақ райынан неліктен айнығаны хабарланбады.
Венесуэланың Колумбиядан дипломатиялық миссиясын кейін шақыртып алуына екі елдің бір-бірін айыптауы себеп болды. Колумбия көршісін солшыл көтерілісшілерді қаруландырды деп айыптаса, өз кезегінде Венесуэла Колумбияның өз жерінде АҚШ-тың бірнеше әскери базасын орналастырмақ жоспарына наразы болды. Колумбияға АҚШ-тың әскери базалары есірткі саудасына тойтарыс беру үшін керек болған көрінеді. Ал Уго Чавес АҚШ-тың әскери күштерін осы аймаққа төнген қатер деп есептейді.
XS
SM
MD
LG