Сенбі, тамыздың 8 інде «Алма-Ата инфо» басылымының бас редакторы Рамазан Есіргепов, кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен оның күзетшілері Ерлан Сандыбаев және Вадим Сеньявскийге қатысты сот үкімі шығарылды.
Сот процессі жабық жағдайда өтетіндігіне қарамастан, Алматыдан бір топ журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері барған. Алайда залға олар тұрмақ айыпталушылардың туған-туыстары да жіберілмеді.
Амалсыздан соңғылары сот үкімін сыртта күтуге мәжбүр болды. Шамамен күндізгі сағат 11.30-да сыртта күтіп тұрған журналистер мен айыпталушылардың туған туыстарының алдына, бұл іс бойынша жауапқа тартылғандардың бірі-Сұлтан Махмадовтың адвокаты Мұсатай Бектасов шығып, сот үкімімен таныстырды.
- Сот С.Махмадовты мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Оның күзетшісі Ерлан Сандыбавты 8 жылға, журналист Рамазан Есіргеповты 3 жылға бас бостандығынан айыру, оған қоса 2 жыл журналистік және баспа жұмыстарымен айналысуға тиым салынды. Вадим Сеньявскийді 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды – деді адвокат Мұсатай Бектасов.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, судья Азамат Тлепов 43 беттен тұрған айыптау үкімін екі жарым сағат оқыған. Алайда не сотталушыларға, не адвокаттарға сот үкімінің көшірмесі берілмеген.
- "Танысқыларыңыз келсе осында келіп, соттың ғимаратында таныса аласыздар» деді. Бұл Конституцияға қайшы. Менің қорғаушы ретінде және сотталған азаматтар өздеріне шығарылған үкіммен толық танысып шығуға құқымыз бар. Әрине мен алдағы аптада бұл туралы шағымданамын – деді М.Бектасов Азаттыққа берген сұхбатында.
Рамазан Есіргеповтың әйелі Раушан Азаттық радиосына өзінің соңғы сәтке дейін әділ шешім шығатындығына сенімді болғандығын айтты. Ол кәсіби қызметін атқарғаны үшін журналисті осыншама ауыр жазалауға болмайды деп есептейді.
- Меніңше бұл шешім жоғары жақтан әлдеқашан шешіліп қойған. Бірақ біз берілмейміз, соңына шейін күресеміз, Жоғарғы сот, БҰҰ-на дейін барамыз – дейді Р.Есіргепова.
"БІЗ КОРРУПЦИЯНЫ ЖЕҢЕМІЗ" ДЕГЕН ЕСІРГЕПОВТЫҢ ҮМІТІ АҚТАЛМАДЫ
Тамыздың 8-інде таңертең Тараздағы №2 соттың ғимаратына сотталушыларды алып келді. Қарулы ОМОН қызметкерлері қоршауынан бой көрсеткен Рамазан Есіргепов «Біз коррупцияны жеңеміз!» деп айқай салды. Іле-шала полицейлер айыпталушы 4 азаматты ішке кіргізді.
Бас-аяғы 2 жарым сағатқа созылған сот процессінен кейін, уәде етілген баспасөз жиыны болған жоқ.
- Маған сот төрағасы үкім жариялағаннан кейін баспасөз өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді деп айтқан болатын. Алайда ол болған жоқ. Мен Рамазанмен аз уақытқа болса да кездесе алармын деп үміттенгенмін...ол да болған жоқ. Тез арада айыпталған 3 азаматты бір көлікке тиеп алып кетті – дейді Раушан Есіргепова.
Оның айтуынша, Рамазан Есіргепов көлікке отырар алдында жиналып тұрған көпшілікке қарап өзінің кінәлі емес екендігін айтқан.
- Ол қарулы жасақтың қоршауына қарамастан бізге қарап, «Бұл Қазақстандағы сөз бостандығын аяққа таптау! Мен өз құқымды қорғаудан шаршамаймын!» деп айқай салды. Бұл сөздердің астында қандай ашу-ыза болғандығын білсеңіз ғой...- деп көзіне жас алды Раушан Есіргепова.
ҰҚК ЕСІРГЕПОВТЫҢ ІСІН САЯСАТТАНДЫРМАУДЫ СҰРАҒАН
Бұдан бұрын ҰҚК мәлімдеме жасап, Рамаз Есіргеповтың ісіне байланысты процесті саясаттандырмауды өтінген. Алайда құқық қорғаушылар Рамазан Есіргеповтың ісінде саяси астар бар екенін айтады:
-Рамаз Есіргепов бар-жоғы өзінің журналистік борышын өтеді. Оның орнында болсам мен дәл солай жасар едім. Оның бар жазығы - ҰҚК жүйесіндегі лас істерді әшкерелеуі. Міне мұны оған ҰҚК кешіре алмай отыр, - дейді «Журналистерде қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина.
8 тамызда сотталған Рамазан Есіргепов мемлекеттік құпияларды жариялады, әйгілі бизнесмен Сұлтан Махмадов заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, "БМ" компанияcының күзетшілері –оларды тұтқындайтын кезде полиция офицерлеріне қарсылық білдірді деп айыпталған болатын.

Сот үкімі шыққан күн. Раушан Есіргепова, жауапқа тартылған журналистің әйелі. Тараз, 8 тамыз 2009 жыл.