Accessibility links

Дмитрий Медведев Киевті антиресейлік саясат жүргізді деп айыптайды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Украинаның президенті Виктор Ющенкоға хат жолдады, онда ол Киевті антиресейлік саясат жүргізді және екі елдің арасындағы байланысты шиеленістірді деп айыптайды.

Медведевтің мәлімдеуінше, ол осы жағдайға байланысты Ресейдің жаңа елшісі Михаил Зурабовтың Украинаға баруын кейінге қалдыруға шешім қабылдаған.

Ресей президенті антиресейлік саясаттың мысалы ретінде Киевтің Тбилисиге Ресей-Грузия қақтығысында және елдің НАТО-ға кіруінде білдірген қолдауын атады.
XS
SM
MD
LG