Прокуратураның Лұқпан Ахмедьяровқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып, жазалауды сұрағанына қарамастан, сот әкімшілік жаза қолданып, журналисті 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. Мәселенің мәнісі осының алдында ғана облыс әкімі Ізмұхамбетовтың өзінің бұрынғы кеңесшісі Алпамыс Бектұрғановқа қарсы берген талап-арызы бойынша сот ісі аяқталған болатын. Журналист Ахмедьяров осы сотқа куәгер ретінде шақырылған еді.
Сот қаулысында былай делінеді «Лұқпан Ахмедьяров 2009 жылдың 11тамызында Бектұрғановтың ісіне қатысты өткен сот отырысына куәгер ретінде шақырылды. Жауап алу кезінде судья Ахмедияровқа бірнеше мәрте ескерту жасауға мәжбүр болды. Өйткені, журналист адвокат Төлеевтің сауалына сауалмен жауап қайтарып, мысқылдаған. Жауап алу рәсімі біткеннен кейін судья Қарасаева сот залында қала беруге болады немесе сот залынан шығып кетуге құқы бар екенін ескерткен кезде, құқықбұзушы Ахмедьяров мұндай «балаганға» қатыспайтынын айтып, сот залынан шығып кетті. Осылайша, Ахмедьяров сотты сыйламай, әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берді».
Ал Лұқпан Ахмедьяров өз сөзінде сотты айыптамағанын айтады. Оның пікрінше, адвокат Мұстақым Төлеев жауап алу кезінде шектен шығып, тілдей бастаған, тіпті кейбір сөздерімен оның біліктілік қабілетіне күмән келтірген көрінеді.
«Мұстақым Төлеев сот отырысын сайқымазақтар жиынына айналдыруға тырысты. Ол арандатушылық сұрақтар қоюмен қатар, менің осы және өзге де мәселелер жөніндегі ойымды суыртпақтап білмек болды. Судья Қарасаева болса, бұған назар аудармай елеусіз қалдырды, ол тіпті маған дауыс көтеріп, әкіреңдей бастады. Осыдан кейін өз-өзімді ұстай алмай қалдым», - деді сотта Лұқпан Ахмедьяров.
Алайда соттың тұжырымы басқаша. Лұқпан түрмеге 14 тамыз, жұма күні отырғызылды. Бір күн бұрын Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамбетовтың өзінің бұрынғы кеңесшісі Бектұрғановтың үстінен берген талап-арызы бойынша сот ісі аяқталған болатын. Бектұрғанов "облыс әкіміне жала жапты" деп айыпталып, сот шешімімен бір жылға бас бостандығынан айрылды.
Естеріңізге салар болсақ, Лұқпан Ахмедьяров биылғы жылдың қаңтар айында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке қолайсыз сұрақ қойғаны үшін жергілікті ТДК-42 телеарнасынан жұмыстан шығарылып, алғаш рет қоғам назарына ілінген болатын. Қазақстанның белгілі журналистерінің бір тобы ақпан айында мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке ашық хат жазып, бұл іске араласуды, сөйтіп журналистің жұмысына қайта алынуына көмектесуді сұраған-ды. Ол кезде Батыс Қазақстан облысының билігі бұл дау-дамайды жылы жауып қоя салуға бар күш-жігерлерін салған еді.