Қылмыс әлемінің «белсендісі» «Сипа» деген лақап атпен белгілі Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны, жұмыссыз Рыспек Е қолға түсті. Ол бұған дейін есірткі және басқа да қылмыстарға қатысты 4 рет сотты болған, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Қылмыскерді қолға түсірген ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы Оңтүстік аймақтық жедел тобы мен қалалық ІІД.
Ұзақ уақыттан бері жасырын бейнебақылауда болған «Сипаны» Алматыдағы ықшмааудандардың бірінде жалға алып тұрып жатқан пәтерінде арнаулы қызметтің өкілдері ұстаған.
Қылмыстық ортада ықпалды саналған ол түрмеде отырғандарға арнап жиналған ақша мен есірткі заттарына да жауап береді. Ұсталған кезде 2,5 грамм героин тәркіленген қылмыскерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.