Accessibility links

Тіркелмегеніне 1001 күн толған «Алға» партиясы ұйымдастыру комитет құрды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін тіркелмеген «Алға» партиясы өздерін биліктің тіркемей отырғанына 1001 күн толғанын, биліктен бұдан былай әділдік пен түсінушілікті күтуден жалыққанын айтып, жаңадан ұйымдастыру комитетінің құрылғанын мәлімдеді.

«Біздің тіркеуден өтіп жатқан 1001 күніміз-тарихи белеске айналды. Біз биліктен оларда жоқ нәрсені күткіміз келмейді. Сондықтан жаңа ұйымдастыру комитетін құрып, өзіміздің «Алға!» Халықтық партиясының жаңадан тіркелуге баратынын мәлімдейміз», — деді «Алға!» Халықтық партиясы ұйымдастыру комитетінің құзырлы өкілі Владимир Козлов.
XS
SM
MD
LG