АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Ричард Холбруктың мәлімдеуінше, сайлауға қатысты заңбұзушылықтар айыптаулары болады деп күтілуде. Бұл туралы ол жексенбі күні Хератта сөйлеген сөзінде айтты.
Оның алдында Ауғанстан президентінің негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла Хамид Қарзайды тамыздың 20-дағы сайлауды бұрмалады деп айыптады.
Холбрук тіпті АҚШ сияқты демократиялық елдерде де сайлауға қатысты даулар болып жатады, сондықтан Ауғанстандағы дауыс берулерге байланысты айыптаулар айтылатынына өзінің таң қалмайтынын айтты. Бірақ бақылаушылар ресми шағымдар үдерісін күтуі тиіс деді Холбрук.