Кубаның 2008 жылдың маусымынан бері ел алдына шықпаған бұрынғы басшысы Фидель Кастроны ұлттық телеарнадан көрсетті. Жексенбі күні жергілікті телеарна 83 жастағы қарт Кастроның венесуэлалық студенттермен кездесуінен репортаж берді. Бұл сюжет Кастроның жексенбі күні Эквадор президенті Рафаэль Кориямен кездесуінде түсірілген сурет мемлекеттік газетте шыққаннан кейін көрсетілді.
Кастро осыдан үш жыл бұрын аурып қалғаннан бері кубалық телеарналарға сирек шығатын болған. Ол өткен жылы биліктен бас тартып, орнын інісі Рауль Кастроға босатқан еді.
Кастро осыдан үш жыл бұрын аурып қалғаннан бері кубалық телеарналарға сирек шығатын болған. Ол өткен жылы биліктен бас тартып, орнын інісі Рауль Кастроға босатқан еді.