Израиль премьер-министрі Бенджамин Нетаньяху бүгін ағылшын премьер-министрі Гордон Браунмен кездесіп, Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді жалғастыру проблемасын талдайды. Бейсенбі күні Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі барысында Нетаньяху Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға бағытталған халықаралық іс-қимыл мәселесін сөз етуге тиіс. Ондай-ақ Израиль премьері Лондонда АҚШ президенті Барак Обаманың Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Джордж Митчелге жолығады.
Ресми Вашингтон Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді жалғастыру үшін Тель-Авивтен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарын салуын доғаруды талап етіп отырса, Нетаньяху оған келіспей келеді.
Сондай-ақ Митчел мен Нетаньяху Шығыс Иерусалим проблемасын да талқылайтын болады.