Accessibility links

Орта Азия мен БҰҰ сарапшылары гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін талқылады


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда Орта Азиядағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы аймақтық келісімді дайындайтын жұмыс тобының мәслихаты өтті.

Кеңес «Орта Азиядағы бөгеттердің қауіпсіздігіне қатысты ынтымақтастықтың дамуына жәрдем көрсету» жобасының аясында өткізілді. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы мен Аралды құтқару Халықаралық Қорының сарапшылары іске асыруда.

Орталық Азия өңірінде 1200 ден астам бөгеттер бар екен, оның 110 – ның аймақтағы мемлекеттер үшін экономикалық маңызға ие.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы Жұмабек Мұхатовтың айтуынша, бұл келісім бойынша Орта Азиялық мемлекеттер өздерінің территориясындағы су қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Мәслихатқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, және Түркіменстан елдерінің Сыртқы істер және Әділет министрліктерінің өкілдері мен су шаруашылығының сарапшылар қатысты. Келесі кездесу қараша айында Тәжікстанда өткізілмек.
XS
SM
MD
LG