Accessibility links

Жовтис төрт жылға сотталды


Алматы облысы Балқаш аудандық сотының төрағасы Чолан Толқынов бүгін Бақанаста – ауданның әкімшілік орталығында - адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтисті жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі жазаның түрмеде өтелуін қарастырады. Ал Евгений Жовтисті үкім шыққан кейін сот залынан ұстап алып кетті деп хабарлады құқыққорғаушы Андрей Свиридов. Сонымен қатар, ол сот үкімі прокурордың талаптарымен дөп келгендігін айтып отыр.

Бұған дейін сотталушының жақтаушылары екі жақтың пікір-таластарына қатысудан бас тартқан болатын. Ал Евгений Жовтистің өзі бұл сот процесін «саяси жаза» деп атап, соңғы сөзден бас тартты.

Осы сот процесі қарсаңында халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы және қазақстандық құқыққорғаушылар Қазақстан билігінен Евгений Жовтистің ісінің әділетті қаралуын сұраған еді.
XS
SM
MD
LG