Швейцарияның делдал болуымен Ресей Грузиядан Абхазияға арналған отын тиілген Түркия танкерін тұтқындауына түсініктеме талап етпекші.
Ресейдің сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Грузия аталған сауда кемесін бейтарап су кеңестігінде тұтқындап, теңіз құқы бойынша халықаралық конвенцияны бұзды. Грузияның соты 16 тамыз күні ұсталған кемені тәркілеу, ал оның капитаны – түрік азаматы Мехмет Өзтүрікті 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өзтүрік Грузияның шекарасы мен Грузияның Абхазияға қарсы орнатқан экономикалық эмбаргосын бұзды деп айыпталды.