Accessibility links

Ауған бүлікшілері Батыспен құпия байланыс орнатқанын хабарлады


Ауған бүлікшілері тобының жетекшісі ауған проблемасын шешу мақсатында Батыс елдерінің ресмилерімен және саясаткерлерімен өзінің байланыста екенін мәлімдеді.

«Хизби Ислами Гулбуддин» тобын жеті жылдан бері жасырынып жүрген бұрынғы премьер-министр Гулбуддин Хекматияр басқарады. Оның күйеу баласы Ғайрат Бахир АҚШ абақтысында 6 жыл отырған соң өткен жылы Кабулда азат етілген болатын. Бахир Исламабадтағы Германия ақпарат агенттігіне берген сұхбатында өзінің Батыс ресмилерімен, олардың ішінде Британия және Германия өкілдерімен бейресми байланыс орнатқанын мәлімдеді. Аталған топтың Талибанмен және Әл-Қаидамен жақын байланысы бар делінеді.
XS
SM
MD
LG