Accessibility links

Әскери прокуратура мен ҰҚК тікұшақ апатының себептерін тексермек


Оңтүстік Қазақстан облысының әскери прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті кеше қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағы апатының себептерін тексермек, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының «Арлан» барлау-іздеу тобының Ми-8 тікұшағы сейсенбі күні құлап, онда болған 13 адамның 10-ы қаза тауып, үш адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзбекстанның Шекара қызметінен 6 адам Қазақстан жаққа қарай шекараны заңсыз түрде қиып өтуі мүмкін деген ақпарат болған. Бұл тікұшақ сол мақсатпен ұшырылған.

"Ол адамдар өтпеуі де мүмкін, өтпеген де шығар, өткен болса осы уақытта ұсталған болар еді ғой,"- деді Азаттыққа түсініктеме берген ҰҚК баспасөз қызметі басшысының орынбасары Мұхтар Анарбеков.
XS
SM
MD
LG