Accessibility links

АҚШ-та Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мәселесі сөз болды


АҚШ Хельсинки комиссиясы мен Мемлекеттік департаменті Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне қатысты Вашингтонда екікүндік талқылаулар өткізді. Оған Қазақстанның ресми өкілдері мен АҚШ сенаторлары қатысты.

Онда Хельсинки комиссиясының төрағасы сенатор Бенжамин Кардин Қазақстанда адам құқықтарының жағдайына байланысты алаңдаушылықтар бар болғанына қарамастан, біз бұл елмен бірге жұмыс істеуге дайынмыз деп атап көрсетті. Алайда Қазақстан демократия бағытындағы талаптарды орындауы тиіс деді Кардин.

XS
SM
MD
LG