Accessibility links

Гимпу Молдова президенті міндетін уақытша атқарады


Молдова конституциялық соты оппозициялық коммунистердің шағымын жоққа шығарып, Михай Гимпуды президент міндетін уақытша атқарушы етіп растады.

Гимпу парламент спикері әрі шілде айындағы парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен Еуропашыл коалицияның жетекшісі болып табылады. Ол өткен аптада коммунистік президент Владимир Воронин қызметінен кеткен соң президент міндетін уақытша атқара бастады.

Еуропаны қолдайтын коалицияның үкімет құруға парламентте жеткілікті орны бар бірақ президентті сайлауға оның дауыстары жеткілікті емес.
XS
SM
MD
LG