Интернетте содырлардың сайттарының бірінде «Әл-Қайда» террорлық ұйымындағы екінші адам саналатын Айман аз-Завахиридің бейнетаспасы орнатылды.
Таспа «Батыс және қараңғы тоннель» деп аталады. Аз-Завахири өзінің бірнеше жақындарымен бірге шамамен жүз минутқа жуық уақыт бойы әлемдік айтулы оқиғаларды, соның ішінде қаржы дағдарысы мен Барак Обаманың АҚШ президенті болып сайлануын талқылаған.
Американдық сарапшылар бұл таспа 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терракт болған күнге байланысты жазылған болуы мүмкін деген болжам айтады.
Осыдан бірнеше күн бұрын интернетте Усама бен Ладеннің американдықтарға Израильмен қарым-қатынас жасағаны үшін қоқан-лоқы көрсеткен бейнетаспасы орнатылған болатын.