Accessibility links

Хасавюрт ауданының басшысы Мәскеуде өлтірілді


Мәскеуде Дағыстанның Хасавюрт ауданының басшысы Әлімсұлтан Алтаханов өлтірілді. Оның күзетшісі жараланған. Оқиға жексенбі күні кешке болған – көшеде Алтаханов пен оның күзетшісін атқылаған. Хабарларға қарағанда, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір немесе екі адам ұсталған.

Шамамен осы уақытта Дағыстанда республиканың қылмыстық іздестіру бөлімі бастығының орынбасары Әлім-Сұлтан Атуев өлтірілген. Оның жиені де қаза болған.

ИТАР-ТАСС агенттігінің құқыққорғау органдарындағы дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, тергеу осы екі өлімнің өзара байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG