Дүйсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Бака Хел қаласының іргесінде жанпидашыл содырдың қастандығынан жергілікті тайпаның көсемі және тағы 4 кісі қаза тапты.
Полицияның мәліметі бойынша, тәліптерге қарсы шайқасқан үкімет әскерін қолдаған Абдул Хаким - өзінің автокөлігіне жанпидашыл содырдың бомба орнатқан көлігі келіп соғуының салдарынан қаза болды. Хакиммен бірге оның екі оққағары және өтіп бара жатқан 2 адам көз жұмды.
Сенбі күні дәл осы ауданда бірден 2 жарылыс болып, 27 кісі құрбан болды. Бұл қастандықты тәліптер өз мойнына алып отыр.