Accessibility links

Қазақстандық кришнаитер ЕҚЫҰ-нан араша сұрады


Орталық Азия бойынша кришна санасы қауымының үйлестірушісі Говинда Свама Қазақстан үкіметі осы қауым мүшелерінің 26 үйін бұзып, соларға тиесілі жер меншігін тартып алды деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Варшавада ЕҚЫҰ-ның конференциясында сөз сөйлеген Говинда Свама қазақстандық үкіметтің мүддесін қорғайтын БАҚ-ның қысымы мен биліктің баспаналарды бұзу әрекеті тоқтағандығын, бірақ Кришна санасы қауымының жер мәселесі шешусіз қалғандығын атап көрсетті.

Осыған орай, қауым өкілі ЕҚЫҰ-нан осы мәселеге назар аударып, әділ әрі оң шешіп қабылдауға ықпал етуін сұрады.
XS
SM
MD
LG