Accessibility links

Өзбекстан Ислам қозғалысының көсемі өлтірілді деп хабарланды


Пәкістанда АҚШ-тың қашықтан басқарылатын зымыран соққысынан Әл-Қаида ұйымымен қатысы бар делінетін өзбек бүлікшісі өлтірілді деп хабарланды.

Пәкістанның барлау қызметінің өкілі, Reuters агенттігіне берген сұхбатында, Өзбекстан Ислам қозғалысының көсемі Тахир Юлдашев тамыз айында Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристан ауданын зымыранмен атқылау барысында қайтыс болғандығын мәлімдеген.

Пәкістанның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысынан жауап алу мүмкін болмай отыр.
XS
SM
MD
LG