Accessibility links

Франция президенті Саркози «Алтын Қыран» орденімен марапатталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні жұмыс бабымен Астанада жүрген Франция президенті Николя Саркозиді қазақ-француз қарым-қатынасының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады деп хабарлады Ақорда.

«Алтын Қыран» орденімен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. Орденмен наградтауға лайықтыларды Қазақстан президенті анықтайды.

Қазақстан президенті Назарбаев өзі лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденіне ие.
XS
SM
MD
LG