Accessibility links

АҚШ-тың бюджет дефициті рекордтық көрсеткішке жетті


АҚШ Конгрессінің бюджеттік басқармасының мәліметі бойынша, 30 қыркүйекте аяқталған 2009 жылдың қаржылық маусымында дефицит 1,4 триллион доллар болды. Бұл шамамен ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына тең.

Хабарларға қарағанда, экономикалық дағдарыс пен оның салдары бюджет тапшылығының басты себептері ретінде қарастырылып отыр.

Американдық бюджет дефицитінің бұған дейінгі рекорды 2008 жылы тіркелген еді, былтыр бюджет тапшылығы 459 миллиард долларды құраған болатын.
XS
SM
MD
LG