Accessibility links

Түркия Армениямен арада келісімге қол қойылатынына сенімді


Түркия сыртқы істер министрі Армения мен Түркия арадағы қарым-қатынастарын қалпына келтіруге бағытталған тарихи келісімдерге қол қоятынына сенімдімін деп мәлімдеді.

Бұл екі ел сенбі күні Цюрихте хаттамаларға қол қоюы тиіс бірақ Армения диаспорасы мен Еревандағы кей оппозициялық топтар бұған күмән келтіріп отыр.

Хаттамаларға нақты сенбі күні қол қойылады ма деген сұраққа Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Довутоглу ешқандай мерзім туралы мәлімет бермейтінін айтты. Бірақ бұл хаттамаларға қол қойылатындығына Анкараның күмәні жоқ деп атап көрсетті Давутоглу.

Осыдан шамамен бір ғасыр бұрын Осман империясы кезінде 1.5 миллион армянның өлтірілуіне байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түскен болатын. Армения әлгі оқиғаны геноцид десе, Түркия оны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG