Accessibility links

Мьянма оппозициясының көсемі Су Чжи батыс дипломаттарымен кездесті


Мьянма демократиялық оппозициясының көсемі Аун Сан Су Чжи бүгін батыс дипломаттарымен, атап айтқанда АҚШ, Ұлыбритания және Австралия елшіліктерінің өкілдерімен кездесті.

Қыркүйек айында Су Чжи елдің әскери билігінен Мьянмаға қарсы бағытталған халықаралық санкцияларды тоқтату мүмкіндігін талқылау үшін өзінің шетел елшілермен кездесуіне рұқсат беруін сұраған еді.

Мьянмаға қарсы санкция әскери хунта оппозицияның жеңісін мойындамаған 90-ыншы жылдардың басында енгізілді. Сол кезде Аун Сан Су Чжи тұтқындалып, соңғы 20 жылдың 14 жылын өз үйінде қамауда өткізді.
XS
SM
MD
LG