Accessibility links

Анкара мен Ереванның арасы жыли бастады


Сенбі күні Швейцарияның Цюрих қаласында Армения мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты жақсарту туралы құжаттарға қол қогю салтанаты өтуге тиіс. Қол қойылғаннан кейін екі елдің парламенттерінде мақұлданатын құжаттар Ереван мен Анкараның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату және армян-түрік шекарасын ашу мәселесін қарастырады.
Қол қою салтанатына АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ресейдің және Францияның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Бернар Кушнер қатысуға тиіс.
Жұма күні Ереванда құжаттарға қол қоюға қарсы жаппай наразылық шеруі болып өтті. Армян оппозициясы құжаттарда Ереван Анкараға есе жіберіп отыр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG