АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон егер Иранға ядролық бағдарламасына байланысты жаңа санкциялар салу қажет болса, Құрама Штаттар Ресей мұндай қадамды қолдайды деп сенеді деді.
Клинтон ханым бұл туралы сәрсенбі күні Ресейге сапарын аяқтап, американдық телеарналарға берген сұхбатында айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Мәскеуде президент Дмитрий Медведевпен, сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен.
Алайда министр Лавров пен премьер-министр Владимир Путин екеуі де Иранға санкция енгізу туралы айту әлі ертерек деген еді.
Хиллари Клинтон өз сұхбатында, Ресей Иранға қарсы санкция салуды дұрыс көрмейді, оның орнына келіссөздер жүргізгенді қалайды деді. Бірақ Иран келісімді орындамай, халықаралық келіссөздерде ымыраға келмей жатса, онда Мәскеу мұндай қадамды қолдайды деп үміттенетінін жеткізді.
Ресей мен Құрама Штаттар Иранның ядролық қару дамытып жатпағанына кепілдік алуға тырысып жатқан алты жетекші елдің қатарында.