Accessibility links

Жазушы Алпамыс Бектұрғановты қорғау жөніндегі комитет құрылды


Алматыда оралдық жазушы Алпамыс Бектұрғановты қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық комитет құрылып, жұмысқа кірісті, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Комитет елдің Бас прокуратурасынан А.Бектұрғановтың кінәсі дәлелденбегендігін алға тартып, оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, дереу қамаудан босатуды; жазушыға қатысты қуғын-сүргін ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.Ізмұқамбетовты сыбайлас жемқорлық жөніндегі заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартуды; Қазақстан Жазушылар одағынан А.Бектұрғановқа қатысты қабылдаған өз шешімінің күшін жойып, оның одаққа мүшелігін қалпына келтіруді және оны мүшеліктен шығарғаны үшін Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин мен ұйымның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Ақұштап Бақтыгерееваның қызметтерінен кетуін талап еткен.

Бұл мәлімдемеге Кәрішал Асан-Ата, Ғаббас Қабышұлы, Айсұлу Қадырбаева, Хасен Қожа-Ахмет, Иранбек Оразбаев және т.б. барлығы 17 адам қол қойған.

Алпамыс Бектұрғановты қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық комитеттің төрағасы болып «Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин сайланған.
XS
SM
MD
LG