Accessibility links

Григорий Марченко: Банктердің сыртқы қарызы 32 млрд. долларға қысқарды


Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың хабарлауынша, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызы 32 млрд. долларға дейін қысқарған.

«Алғашқы жарты жылдықтағы банктердің сыртқы міндеттемелері 6 млрд. долларға қысқарған, ал сыртқы активтер 83 млн. долларға өскен. Яғни, 2007 жылы банк секторының қарызы 46 млрд. долларға жетсе, қазір бұл көрсеткіш 32 млрд. долларды құрайды», — деді Марченко дүйсенбі күні.

Бұған қоса Ұлттық банк төрағасы сыртқы қарыздың бұл көрсеткішінде БТА мен Альянс банктің қайта құрылымдалуы қамтылмағанын айтты. Оның айтуынша, қайта құрылымдалудан кейін бұл сан тағы да азая түспек.
XS
SM
MD
LG