Түркия сыртқы істер министрі Ахмед Дауытоглы Анкара мен Ереванның екі ел арасындағы байланыстарды дұрыстауға тырысып жатқанына қарамастан, Таулы-Қарабах қақтығысында өз елінің жақын одақтасы Әзірбайжанды қолдайтынын мәлімдеді.
Дауытоглы Түркияның Әзірбайжанға қолдауы проблема шешілгенше бола береді деген.
Түркиямен этникалық әрі экономикалық байланыстары жақын Әзірбайжан Анкара мен Ереванның жылдарға созылған жаулық қарым-қатынасты тоқтатып, екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнату жөніндегі екі хаттамасын сынаған болатын.
Анкара 1993 жылы Арменияның қолдауындағы этникалық армяндар Таулы-Қарабах аймағын басып алып, ондағы қақтығыста 30 мың адам қаза тапқан оқиғадан соң, Әзірбайжанға қолдау танытып, Армениямен шекарасын жауып тастаған.