Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирандағы жарылысты айыптады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранның оңтүстік-шығыс аймағындағы жанпидашының шабуылынан болған жарылысты айыптады. Жарылыс салдарынан Революциялық гвардияның бірнеше қолбасшысына қоса 57 адам құрбан болды.

Жарылысқа жауапкершілікті «Жундолла» сүнниттер тобы өз мойнына алды. Иран бұл шабуылға Пәкістанның қатысы бар деп айыптап, Исламабадтан жарылысқа жауапты деген «Жундолла» сүнниттер тобының жетекшісін беруді талап етіп отыр.

Ал Пәкістан билігі барлық айыптауларды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG