Accessibility links

Прокурорлардың республикалық ассоциациясы құрылмақ


Қазақстанның Бас прокуратурасы прокуратура қызметкерлерінің республикалық ассоциациясын құрмақ, — деп хабарлады бүгін Бас прокурор Қайрат Мәми.

«Біз қазақстандық прокурорлар ассоциациясы жарғысының жобасын жасадық, бұл республикалық мәртебедегі қоғамдық бірлестік түрінде құрылады. Бірлестіктің басты міндеті — прокуратура қызметкерлерінің мүддесін ұсыну мен қорғау. Бұл ұйымды құру шетелдің ұйымдармен халықаралық қатынасты дамытуға сеп болады», — деді Бас прокурор.

Бұған қоса Қайрат Мәми осыдан төрт жыл бұрын қабылданған құжатты ауыстыратын прокурорлық этиканың жаңа кодексі жасалатынын айтты.
XS
SM
MD
LG