Accessibility links

БТА банктің іздеудегі қызметкері Қазақстанға оралды


БТА мен Темірбанктің қаржысын жымқыру қылмыстық ісінің дерегі бойынша халықаралық іздеудегі банк қызметкері Элеонора Серго Украинадан Қазақстанға өз еркімен оралды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Банктің корпоративті бизнес басқармасының (УКБ) қызметкері Элеонора Серго жексенбі күні күйеуімен, баласымен бірге елге оралды. Қазір ол тергеу жұмыстарына қатысуда, оның қылмыстық істегі айыптылық дәрежесі өзгерген жоқ, — деп хабарланды.

Тергеу деректері бойынша, Қазақстаннан наурыз айында кетіп қалған Э. Серго несие алу схемасында банктің бұрынғы жетекшілеріне көмектескен бірқатар оффшорлық компаниялар өкілдерінің қызметін атқарған.
XS
SM
MD
LG