Accessibility links

Ющенко президент сайлауына түседі


Украина президенті Виктор Ющенко қаңтардың 17-де өтетін президент сайлауына бүгін ресми түрде үміткер болып тіркелді. Киевтегі 2 мыңға жуық қолдаушысы алдында сөйлеген сөзінде Ющенко Украинаның демократиялық дамуын алға тарту үшін сайлауға түсетінін мәлімдеді.

Ющенко 2004 жылы елде орын алған "қызғылт-сары төңкерісінен" кейін билікке келген болатын. Сол кезде оны көптеген адам қолдаған-ды. Бірақ жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, қазір Ющенконы қолдайтын адамдардың саны төмендеген, оны халықтың шамамен 6 пайызы қолдайды.

Ал Ресейшіл "Аймақтар партиясының" жетекшісі Виктор Янукович әлгі сауалнамаларда алда келсе, екінші орынды премьер-министр Юлия Тимошенко иеленіп отыр.
XS
SM
MD
LG